Жаңалықтар
Сыр сахнасының дәстүрі мен бүгінгі тынысы
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының тарихы 1955 жылдан басталады. 1960 жылы театр Сыр өңіріне қоныс аударып, Қызылордадағы шығармашылық жолын Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашты. Содан бері театр ұлттық драматургияны дамыту, қазақ сахна өнерінің дәстүрін жалғастыру және классикалық шығармаларды жаңа режиссерлік шешімдермен ұсыну бағытында жұмыс істеп келеді.
Бүгінгі репертуарда қазақ және әлем драматургиясының шығармалары, психологиялық драмалар, музыкалық қойылымдар, заманауи пьесалар, балалар мен қуыршақ спектакльдері бар. Театрда актерлермен бірге режиссерлер, суретшілер, музыка мамандары мен хореографтардан құралған шығармашылық ұжым еңбек етеді. 2014 жылдан бері жастар труппасы жұмыс істейді, ал 2022 жылы жаңа шығармашылық ізденістерге бағытталған театр лабораториясы ашылды.
Театр репертуары
Қойылымдар туралы ақпарат театрдың репертуарлық бөлімдерінде жинақталған. Көрермен спектакльдің тақырыбы мен жанрын, шығармашылық құрамын, премьера жылын және көрсетілім кестесін қарай алады.
- Репертуарлар – театр сахнасындағы қойылымдар.
- Апталық репертуар – алдағы спектакльдер мен көрсетілім кестесі.
- Актерлер – театр труппасының мүшелері.
- Шығармашылық құрам – режиссерлер мен театр мамандары.
- Жаңалықтар – премьералар, гастрольдер, фестивальдер және театр өмірі.
Академиялық театр және халықаралық сахна
1997 жылы театр музыкалық драма театры мәртебесіне ие болды, ал 2019 жылы оған академиялық мәртебе берілді. Ұжым Қазақстандағы театр фестивальдерімен қатар халықаралық сахналарда да өнер көрсетіп келеді. Театр қойылымдары Лондон, Әзірбайжан, Эдинбург және Анкара көрермендеріне ұсынылған.
2025 жылы театр өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойлық жылда Қызылордада «Сырдың Сәбирасы – I» халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылып, Сыр сахнасы Қазақстан мен шетел театрларының шығармашылық кездесу алаңдарының біріне айналды.
Театр тарихындағы негізгі кезеңдер
- 1955 Театрдың шығармашылық тарихының басталуы
- 1960 Театрдың Қызылордаға қоныс аударуы
- 1997 Музыкалық драма театры мәртебесінің берілуі
- 2019 Академиялық мәртебенің берілуі
- 2025 Театрдың 70 жылдық мерейтойы


















