Sep 21, 2022

Сыр сахнагерлері "Ромео мен Джульетта"спектаклін ұсынды.

СЫР САХНАГЕРЛЕРІ “РОМЕО&ДЖУЛЬЕТТА”   СПЕКТАКЛІН ҰСЫНДЫ.

🎭Санаулы сәттер де келіп жетті. II Халықаралық “ӘБІШ ӘЛЕМІ” театрлар фестивалінің бағдарламасы бойынша Сыр сахнагерлері әлем әдебиетінің алыбы У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” спектаклін маңғыстаулық көрермендер назарына ұсынды. Театр ұжымын қолдап, режиссер Данияр Базарқұловтың қолтаңбасын көруге асыққан көрермендер залға лық толды. Спектакльді бір деммен тамашалаған өнер сүйер қауымның  ыстық ықыласы, қошеметі ерекше болды. Спектакль соңында қазылар алқасы қойылым жөнінде пікір білдіріп, театр ұжымының еңбегін айрықша атап өтті. Халықаралық фестиваль ары қарай жалғасын табады. Қымбатты көрермен, өзге театрлардың қойылымдарына да шолу жасап, алған әсерлерімізбен бөлісетін боламыз!!!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер