Әйел тағдыры

Автор: А.Жапаров

Суретшісі: Н.Иманғалиев

Режиссері: Б.Темірбеков

Жанр: драма

Жас санаты: 3

Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут

Премьера: 2021 жыл

Тіршіліктің түйткілді тұстары көп. Көбінесе мұндайда нәзік жандылардың төтеп беруі қиын. Бірі азғынның арбауына түссе, бірі жезөкшеліктің жолында жығылып жатады... Шәйіркүлдің басында да осы жайт. Айрандай ұйып отырған шаңырағын шайқалтуға не себеп болды? Бастығы Елшімен сезім сиқырына бөленіп, бақыт құшағында жүргенде қалай түрмеге топ ете қалғанын өзі де білмей қалады.. Кім жазықты? Кім кінәлі? Түрмедегі бес әйелдің өзіндік айтар базынасы бар. Олай болса темір тордағы сұлулардың трагедияға толы тағдырына бірге куә болайық!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер