Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ
Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жоқ

Репертуарлар

психологиялық драма

Кездесу мен қоштасу

date_rangeПремьера: 2021

Неліктен ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасылық бақыт, өзара түсіністік пен махаббат уақыт өте келе суый бастайды?Адамның бәрі бір-біріне ұқсас болса, өмірге тек біржақты көзқараспен қарайтын болса – тіршіліктің не қызығы бар? Онда бәріміз жалғаннан баз кешіп кетер едік. Өмірдің мәні күнгей мен көлеңкесінде, ақ пен қарасын да, шаттығы мен мұңында емес пе? Қалайша осы жолды бірге кешіп, ыстығы мен суығына бірге көне жүріп өмір сүруге болмай ма? Түбінде қоштасатын болсақ, біз неге кездесеміз?

Толығырақ

драма

Әйел тағдыры

date_rangeПремьера: 2021

Тіршіліктің түйткілді тұстары көп. Көбінесе мұндайда нәзік жандылардың төтеп беруі қиын. Бірі азғынның арбауына түссе, бірі жезөкшеліктің жолында жығылып жатады... Шәйіркүлдің басында да осы жайт. Айрандай ұйып отырған шаңырағын шайқалтуға не себеп болды? Бастығы Елшімен сезім сиқырына бөленіп, бақыт құшағында жүргенде қалай түрмеге топ ете қалғанын өзі де білмей қалады.. Кім жазықты? Кім кінәлі? Түрмедегі бес әйелдің өзіндік айтар базынасы бар. Олай болса темір тордағы сұлулардың трагедияға толы тағдырына бірге куә болайық!

Толығырақ

драма

Ешкімге керегі жоқ ауыл

date_rangeПремьера: 2020

Күйзелген ауыл... Тым-тырыс... Ешкім жоқ... Тек анда-санда қаладан келген балаларының әңгімесін талқылап, күбірлескен төрт әйел. Олар Патшайым, Тынымкүл, Гүлбану және Балымкүл. Ес білгелі тұрып жатқан ауылдарын бір бай бизнесмен сатып алып, үйлерді тегіс қиратпақшы екен. Бұл әңгімені естіген олар төбелерінен жәй түскендей абдырап қалады... Ары қарай не істемек? Туған топыраққа қалайша қиянат жасалмақ?

Толығырақ

тарихи драма

Абылай ханның арманы

date_rangeПремьера: 2020

Оның арманы елінің басын теңдікке, тақымын атқа, аузын аққа жеткізу еді... Елі мен жерін сақтап қалудағы арпалыс, қиын-қыстау кезеңде өмір сүріп, ұлылығының, ел бастаған көсемдігінің арқасында асқақ арманына қол жеткізді... Бұл – Абылай хан. Қазақтың маңдайына біткен айбарлы ханы – Абылай.. Ендеше, қымбатты көрермендер Абылай ханның арманына куә болып, асқан рухқа толы жаңа қойылымның премьерасын көруге асығыңыздар!

Толығырақ

Нашақор жайлы новелла

date_rangeПремьера: 2020

Жалқытай әке-шешесінің жалғыз ұлы. Оқу оқып, сүйгенін жолықтырып, үлкен өмірге енді ғана қадам басқан Жалқытайдың өмірі кенет басқа арнаға бұрылады. Ол мұнда аңғажайып, ерекше әлемге еніп, тіпті ең жақын адамдарын ұмытады, олардан алыстайды... Жалқытайдың ендігі өмірі осы жерде жалғасады. Бұл – нашақорлар әлемі. Құлықсыздық белең алған бұл жерде неше түрлі сұмпайы сұмдықтар болып жатты. Есірткіні ермек қылып, тербетіліп-теңселіп, жалғанды жалпағынан басады... Жалғыз ұлға жалтақтаған әке-шеше, сүйгенім деп жастығын сарп еткен адал жан енді не істемек?...

Толығырақ

комедия

Ақымақ болған басым-ай

date_rangeПремьера: 2020

Жорж Данден қарапайым отбасынан шыққан жас жігіт. Ол ақылына көркі сай, еңбегіне мінезі сай ақсүйек қызға үйленуді армандайды. Дегенмен армандағанның бәрі бірдей орындала беремейтіні тағы бар. Амал қанша? Жорж ақсүйек әйелінің көлеңкесінде ғұмыр кешуге мәжбүр болады. Неліктен? Оның мұнша ақымақ болуына не себеп болды? Әлде ақсүйектердің әрекетіне мойынсұнып, амалсыздан көндігіп жүр ме?

Толығырақ

Ешкімге керегі жоқ ауыл

date_rangeПремьера: 2020

Таңертеңгілік уақыт... Күйзелген ауыл... Тым-тырыс... Ешкім жоқ... Анда-санда қаладан келген балаларының әңгімесін талқылап, күбірлескен төрт әйел. Олар Патшайым, Тынымкүл, Гүлбану және Балымкүл. Бұл жолғы әңгіменің төркіні ешкімге керегі жоқ ауыл жайлы... Бірақ сол ешкімге керегі жоқ ауылды бір бай бизнесмен сатып алып, керегіне жаратпақшы екен... Қиратады... Үй біткенді тегістейді... Ес білгелі осы ауылдың тұрғынына айналған, жандары жомарт, ақжарқын жандар бұл әңгімені естігенде төбелерінен жәй түскендей абдырап қалады...

Толығырақ

Ертегі

Маугли

date_rangeПремьера: 2019

Редьярд Киплингтің «Маугли» шығармасында қасқырлар асыраған үнді баласының батырлығы суреттеледі. Айбатты қаншық қасқыр Ракшаны еміп өскен Маугли джунгли заңдарын әп-сәтте үйреніп алады. Қабыланша ағаштан-ағашқа өрмелеуге, балықша суда жүзуге, маймылша бұтақтарда секіруге машықтанады. Ең соңында джунглидегі ең құдіретті бөрі-бала болып шығады. Оның отты жанарына қасқыр да, тіпті Багира да төтеп бере алмайды. Себебі, ол – джунгли патшасы. Үстемдік пен тартыс-таласқа толы Маугли ертегісін бірге тамашалайық!

Толығырақ

Ертегі

Барлық тышқандар ірімшікті жақсы көреді

date_rangeПремьера: 2019

Барлық тышқандар ірімшікті жақсы көреді» қойылымы. Тышқандардың да өз әлемі бар. Барлық тышқандар ірімшікті жақсы көреді. Тіпті олардың жанындай жақсы көретін, тәтті ірімшік қайнататын үлкен ыдыстары да бар... Сұр және ақ тышқандар! Олар бір-бірін аса қатты ұната қоймағанымен, балалары өте тату-тәтті достар. Олардың достықтары немен аяқталады екен? Қызық, иә?!

Толығырақ

драма

Күзгі раушан гүлдері

date_rangeПремьера: 2019

Гүлдер. Әсем гүлдер. Сол гүлдердің сырын, мұңын кім біледі? Бәріміздің жүрек түкпірімізде ешкімге айта алмайтын сырларымыз бен мұңдарымыз, көрсетуге қауқарымыз жете бермейтін сезімдеріміз бар. Сол сезімдермен бетпе-бет келгенде қандай күйде болар екенбіз? Маxаббатты қайдан іздеп, қалай өмір сүріп жүрміз? Ойландырады. Мұңлы раушан гүлдері. Шындығында бәрінің өз үні бар. Біз соны ести аламыз ба? Ал сіз ше? Орыс классигі Антон Чеxовтың шығармасымен саxналанған қойылымға шақырамыз. Келіңіз! Күзгі раушан гүлдерінің үнін естіңіз.

Толығырақ

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 (7242) 27-67-34, 27-48-86

Онлайн билеттер