Oct 30, 2022

Халықаралық фестиваль сыр сахнагеріне сый!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТВИАЛЬ. СЫР САХНАГЕРІНЕ СЫЙ!
Ағымдағы жылдың 22-30 қазан аралығында  Астана қаласында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған II халықаралық «TEATPALL» театр фестивалі болып өтті. Өнер додасына 8 отандық және 6 шетелдік театр ұжымдары үздік туындыларын елордалық көрермендер назарына ұсынды. Сыр өнерінің қара шаңырағы Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры режиссер Данияр Базарқұловтың қолтаңбасымен У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» қойылымын елорда көрермендері мен фестиваль қонақтарына ұсынды.  Халықаралық театр фестивалінің нәтижесі бойынша спектакльде Эскал ролін сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбаев «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен марапатталды.  Театрымыздың ақсақалы, өнер майталманы Бақытбек Алпысбаевты бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, ұзақ сахналық ғұмыр тілейміз!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер