Nov 11, 2022

Өнерде жүзген қос ғұмыр!

🎭ӨНЕРДЕ ЖҮЗГЕН ҚОС ҒҰМЫР                                                                       


⚜️Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақытбек Алпысбайұлы мен өмірлік жары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанованың киелі сахна төрінде өнер көрсетіп, жұлдыздай жарқырап жанғанына - 55 жыл толуына арналған "Театр - өмір, байрақ, бақытым!"  атты шығармашылық кеші болып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады. Мерекелік кештің жұлдызды қонағы  ұлт руханиятының абызы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Театрлар Ассоцациясының президенті және М.Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі  Асанәлі Әшімұлы мерейтой иелерінің қазақ театры тарихындағы өзіндік орны мен қолтаңбасына айрықша тоқталды. Мерей тойға арнайы келген Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлы және Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының актері, Мәдениет қайраткері Мағзұм Бақытжанов, Маңғаз Маңғыстаудан келген Мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Нұрнияз Мұханұлы, Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев және театр директорының орынбасары Тимур Ахметов, Қызылорда қалалық жастар театрының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов сахна төріне шығып,  өз игі тілектерін білдірді. Бақытбек Алпысбаев пен оның өмірлік жары Кәмила Абжанова сомдаған рольдер, олар қойған спектакль кейіпкерін кескіндеген әріптестері құттықтап, әннен шашу шашып, мерейтойлық тарту ұсынды.  Құрметті Бақытбек Алпысбайұлы және Кәмила Әбдіғалиқызы өмір мен өнер айдынындағы жұптарыңыз жазылмай театр тұғырынан көріне беріңіздер! Ғибратты ғұмырларыңыз толағай табыстарға, құт-берекеге көл-көсір несібеге толы болсын!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер