Jan 12, 2023

ПРЕМЬЕРА! А.Ахмет "Шырмауық"моноспектакль

Бүгін Сыр сахнасында алғаш рет моноспектакль қойылды. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Үсен Рамазанның режиссерлік қолтаңбасымен Ахмет Ақмоншақтың "Шырмауық" психодрамалық моноспектаклі қырағы көзді көрерменге ұсынылды. Спектакльде үш әйелдің тағдыры бейнеленеді. Әйелдің жұмбақ әлемі...  Түсініксіз толғаныстар... Шырмауық тәрізді дерсің... Оның жаны тым нәзік, тұла бойында сұлулық тұнса да күйзелістің кесірін тартып келеді...  Шырғалаңнан шығуға жалғыз жүректің шамасы жетпес-ті...

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер