The argument in favor of using filler text goes something like this: If you use any real content in the Consulting Process anytime you reach.
Get In Touch
12/A, New Booston, NYC
Dec 03, 2024
ПРЕМЬЕРА!!! ! Ә.Асановтың "ӨЗ-АҒА" деректі драмасы
ПРЕМЬЕРА!!! ПРЕМЬЕРА!!! ПРЕМЬЕРА!!!
Құрметті көрермен! Сіздерді 10-шы желтоқсан күні сағат 19.00-де өтетін Ә.Асановтың «ӨЗ-АҒА» қойылымын тамашалауға шақырамыз!
Ә. Асановтың «ӨЗ-АҒА» қойылымы қазақ тарихын сөйлететін деректі драма. Спектакльде Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы, XX ғасырдың ортасында орын алған оқиғалар желісі суреттеледі. Бас кейіпкердің ұлттық мүддені қорғауға, ана тілін, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға және дамытуға қосқан үлесі, мәдениеті мен өнері үшін жанқиярлық күресі көрермен жүрегіне патриоттық сезім ұялатады. Атап өту керек, бұл Өзбекәлі Жәнібеков туралы алғаш сахналанғалы тұрған қойылым.
Билеттерді театр кассасынан немесе “ticketon” сайтынан онлайн ала аласыздар.