ПРЕМЬЕРА! "Шыны керек" психологиялық драма
Театр сахнасында мамыр айының 2-сі күні сағат 17.00-де және 20.00-де К.Ибраеваның "Шыны керек" психологиялық драмасының премьерасы көрерменге ұсынылды. Шындық – кейде сұмдық, кейде ғажап... Әр пенденің өмір өткелдерінде өз шындығы бар...
Ерекшелігі сол, бұл жолы көрермендер спектакльді сахнада, яғни кейіпкердің жан-дүниесін дәл жақыннан бірге сезініп тамашалады. Басты рольдерді Батырхан Амангельдиев, Гүлайым Мірайдар шебер сомдап, ел ықыласына бөленді.