июн 08, 2022

Баспасөз брифингі өтті.

Балалар жылы аясында 8 маусым күні  Қасымхан Бегмановтың "Ер Төстік" балалар қойылымының премьерасына орай баспасөз брифингі болып өтті.  Спектакльдің қоюшы режиссері Еркебұлан Қабдыл, көркемдік жетекші міндетін атқарушы Ақтөре Оразалы және театр басшысының  шығармашылық жөніндегі  орынбасары Серік Жақсығұлов қатысты.  БАҚ өкілдері жаңа қойылым турасында сұрақтарын қойып, ой-пікір алмасты. Бұл спектакльді сахналаудағы басты мақсат -  қазақ батырларының есімін жас ұрпақтың санасына сіңдіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.  Кішкентай көрермендер бүгінгі қойылымнан ерекше әсер алып, бос уақыттарын тиімді пайдаланудың тетігін тапты.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 (7242) 27-67-34, 27-48-86

Онлайн билеттер