"Бір түп алма ағашы" драма | Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

The argument in favor of using filler text goes something like this: If you use any real content in the Consulting Process anytime you reach.

  • img
  • img
  • img
  • img
  • img
  • img

Get In Touch

дек 21, 2021

"Бір түп алма ағашы" драма

Бүгінгі қойылым ерекше өтті. Театр сахнасында бірнеше жылдан бері қойылып, көрерменнің жүрегіне жол тапқан Әлімбек Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасы ата-ананың қадірін білу, бірге туған бауырлар арасындағы мейірімділік пен қамқорлық турасында талай жанды ойға жетелеп,, толғандырары сөзсіз.
Бүгінгі спектакльдің осындай көркемдік өзгешелігімен қатар,   басты бейне Ана роліндегі Мәдениет қайраткері Алмагүл Артықбаева Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Қазақстандық салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының “Еңбек даңқы” төсбелгісін кеудесіне тақса, театр қызметкері Серік Ташимов “Құрмет” грамотасымен марапатталды. Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Үмбетова Раушан Балтабайқызы өнер иелерінің тынымсыз еңбегін ерекше атап өтіп, марапаттарды сахна төрінде табыстады. Әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз! Қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!