сен 20, 2022

Халықаралық өнер додасының ашылуы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ДОДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Бүгін киелі Маңғыстау өлкесінде, қарт Каспийдің баурайында II Халықаралық “ӘБІШ ӘЛЕМІ” театрлар фестивалінің ашылу салтанаты болды. Фестиваль қонақтары және қазылар алқасының мүшелері Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Лидия Каденова, Самал Еслямова, Асхат Маемиров, Дүйсен Қасейнов, Ақұштап Бақтыгереева, Еркін Жуасбек, Бейбіт Бахтыгереев, Меруерт Жақсылықова, Мелахат Аббасова, Атабек Пурнадери, Лаша Чхартшвили сынды Қазақстан, Түркия, Грузия елдерінен келген  мәдениет пен өнер майталмандары  қызыл кілемнен жүріп өтті. Сыр өнерінің қара шаңырағынан театр басшысы Мұхтар Ниязов, көркемдік жетекші Ақтөре Оразалы мен Бас суретші Нұркен Қалымбетов пен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Бақытбек Алпысбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Камила Абжанова, Залипа Төлепова, Мәдениет қайраткері  Бектеміс Ботбаев, Мәдениет саласының үздіктері Ұғым Баймаханов, Зауре Көздібаева, Нұрлыбек Шналиев, Сырым Абдразақов, Арай Көшімбаев, Қайрат Исмаил бастаған театр ұжымы  еліміздің көк туын желбіретіп, фестиваль төрінен орын алды. Фестиваль бағдарламасына енген У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” спектаклінің қоюшы режиссері Данияр Базарқұлов та Сыр сахнагерлерінің қатарынан көрінді. Амфитеатрда өткен халықаралық өнер додасының ашылу сәтінде сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан ерен еңбегіне тоқталып, фестиваль қатысушыларына сәттілік тіледі.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер