июн 16, 2022

Марапаттар

Алматы қаласында Қазақстан театр қайраткерлері Одағының "Еңлікгүл-22" Кәсіби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.  Қазақ театр режиссурасының майталманы  Хұсейін Әмір-Темір "театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін" номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Айтжанова Қазақстан театр қайраткерлері Одағының "Дара" төсбелгісін иеленсе, театр актері, Мәдениет саласының үздігі Сырым Әбдразақов қаржылай сый-сияпатқа бөленіп,  Одақ филиалының төрағасы театр артисі, Мәдениет саласының үздігі  Ұғым Баймаханов "Құрмет" грамотасымен марапатталды.  Әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылық толағай табыстар тілейміз!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер