![](https://qyzylorda-drama-theatre.kz/storage/app/uploads/public/638/6f0/834/6386f08348fc5312095367.jpg)
Мерейлі сәт. Ең үздік ойыншы.
Мерейлі сәт⚽🥉🏆
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен халық жазушысы, қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай өңірлік театрлар арасында "Оңтүстік лига" кіші футбол турнирі өтті. Негізгі мақсаты - театрлар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, жастардың кәсіби театрлармен қарым-қатынасын нығайту. Футбол нәтижесінде әріптестеріміз жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ "Ең үздік ойыншы" номинациясымен Шаймаханбетов Нұрсұлтан марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!⚽🏆🥉