июн 08, 2022

ПРЕМЬЕРА!!! Қ.Бегманов "Ер Төстік" балаларға арналған қойылым көрерменге ұсынылды.

Бүгін театр сахнасында Қасымхан Бегмановтың "Ер Төстік" қойылымының премьерасы балаларға ұсынылды. Халық ертегісінің негізінде сахналанған қойылым жас ұрпақты адал достыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейді. Сондай-ақ “Ер Төстік” қойылымы балалардың бойына махаббат, ізгілік секілді маңызды құндылықтарды сіңіруде ерекше рөл атқарады. 
Қызықты әрі қатерлі оқиғаларды артқа тастап, өз мақсатына жететін Ер Төстік пен оның жолдастары Көлтаусар, Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Шалқұйрық атты кейіпкерлермен өрбитін оқиға кішкентай көрермендерімізді ерекше әсерге бөледі. Спектакльдің авторы – Қасымхан Бегманов.  Ал спектакльдің режиссері – Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрының режиссері Еркебұлан Қабдыл, қоюшы суретшісі әрі костюм жөніндегі суретшісі – Нұркен Қалымбетов. Музыкамен көркемдеген – дыбыс жазу жөніндегі инженер Нұрсұлтан Төреәлі, хореографы – режиссер Аида Тасымбетова.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 (7242) 27-67-34, 27-48-86

Онлайн билеттер