ноя 23, 2022

Сыр елінде ақын, драматург Иранбек Оразбаевтың драмалық дастаны сахналанды.

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ                                                                                                                                                             

Ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық "Алаш" мемлекеттік сыйлығының, "Парасат" орденінің иегері Иран-Ғайыптың  75 жас мерейтойына орай "МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ" драмалық дастанының премьерасы көрерменге ұсынылды. Қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қоюшы-суретшісі  және костюм жөніндегі суретшісі Алма Сырбаева. Композиторы - Тасқын Жармұхамед. Сахна сайысын қойған және режиссердің ассистенті Аман Гумаров.  Премьераға арнайы келген облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы жылы лебізін білдіріп, мерекелік сый-сияпат жасады.                                                                                                     


...Арғынбай - өз баласы. Құлқа - өз баласынан да ардағы. Қазына - Анасын тел емген Екі батыр - жан алысып, жан берісіп жатыр... Осылайша суреттелетін қойылым көрерменін ә дегеннен өзіне елітіп әкетті. Ашудың айдауына еріп, көздерінде кектің оты кернеген екі елдің арасына тоқтау жасау - ерге бергісіз қасиет.  Тәуекелге бел байлап, дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған Қазына ана "Алтын адамға" айналып шыға келеді. Спектакльдің негізгі идеясы да осы.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер