ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ. | Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

The argument in favor of using filler text goes something like this: If you use any real content in the Consulting Process anytime you reach.

  • img
  • img
  • img
  • img
  • img
  • img

Get In Touch

фев 23, 2023

ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ.

🎭ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ. 

     Бүгін Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша сахналанған "Жәмилә" драмасының премьерасы көрерменге ұсынылды.  Спектакль қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығы аясында сахналанып отыр.  Адамзат өміріндегі қалыптасқан дәстүр мен өз тағдыр тақтасындағы таңдауға  қарсы тұрған жас әйелдің нәубетке толы махаббаты... Жәмиләнің өміріндегі басты сынақ та осы махаббат болатын. Қойылым режиссері  Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева. Режиссер сыр сахнагерлерімен жоғары деңгейде бірлесе жұмыс жасады. Қойылымды бір деммен тамашалаған көрермендер толассыз қол соғып, өнер иелеріне ризашылықтарын білдіріп жатты. Қазақ өнерінің майталман режиссері Хұсейн Әмір-Темір арнайы шақырылған режиссерға риясыз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Жылдың алғашқы жаңа қойылымына, өнер ұжымының құрметіне облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды. 

Құрметті көрермен қауым!  24 ақпан сағат 19.00-де ПРЕМЬЕРАНЫҢ екінші күнінде күтеміз!!! Қапы қалмаңыздар!