Ауылдан келген ару

Автор: И.Сапарбай

Суретшісі: Н.Қалымбетов

Режиссері: Қ.Архабаев

Жанр: поэтикалық драма

Жас санаты: 3

Ұзақтығы: 60

Премьера: 2019 жыл

Балаусаны баптайтын бағбан қайда?

Шаңыраққа, күн батса, шам жанбай ма?

Ақырзаман басталып, әлде, ағайын,

Дәм-тұзымыз таусылып қалғандай ма?!

Тіршіліктің мәні неде? Қай жерде? Оны іздеп кім тапты?

Жаны нәзік, көңілі бала Гүлдана. Асқақ арманының жетегімен қалаға келген ауыл қызы алып шаһардың салтына ене алды ма? Әлде, қызығы  мен шыжығы көп қала оны жатсынды ма? Жалт-жұлт еткен жарқын тірлікте қыз ғұмырының бағасы қандай? Ауылдан келген арудың тағдыры сізді алаңдата ма? Ендеше, келіңіз! Оқиғаның куәсі бірге болайық!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер