11-16 қазан аралығында Түркістан қаласында Қазақстанның Халық әртісі, кеңес дәуіріндегі қазақ опера өнерінің шоқтығы биік өкілі, режиссер, театр және кино майталманы Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» І республикалық театрлар фестивалі болып өтті.
Республиканың маңдай алды 13 театры қатысқан фестивальде Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры жоғары деңгейде өнер көрсетіп, топ жарып жүлделі І ОРЫН, “ҮЗДІК АКТЕРЛЫҚ АНСАМБЛЬ” номинациясына ие болды.
Фестивальге театр репертуарындағы үздік қойылымның бірі М.Омарованың Шанель №5» деректі драмасын ұсынған болатын. Қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты, артист, театрдың көркемдік жетекшісі Бақытбек Темірбеков.
Жеңіс құтты болсын! Театрымыздың абыройы асқақтай берсін! Шығармашылық табыстар тілейміз!