ТЕАТР ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ🥇 | Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

The argument in favor of using filler text goes something like this: If you use any real content in the Consulting Process anytime you reach.

  • img
  • img
  • img
  • img
  • img
  • img

Get In Touch

қаз 16, 2025

ТЕАТР ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ🥇

ТЕАТР ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ 🥇
✨ 11-16 қазан аралығында Түркістан қаласында Қазақстанның Халық әртісі, кеңес дәуіріндегі қазақ опера өнерінің шоқтығы биік өкілі, режиссер, театр және кино майталманы Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» І республикалық театрлар фестивалі болып өтті.
✨ Республиканың маңдай алды 13 театры қатысқан фестивальде Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры жоғары деңгейде өнер көрсетіп, топ жарып жүлделі І ОРЫН, “ҮЗДІК АКТЕРЛЫҚ АНСАМБЛЬ” номинациясына ие болды.
✨ Фестивальге театр репертуарындағы үздік қойылымның бірі М.Омарованың Шанель №5» деректі драмасын ұсынған болатын. Қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты, артист, театрдың көркемдік жетекшісі Бақытбек Темірбеков.
✨ Жеңіс құтты болсын! Театрымыздың абыройы асқақтай берсін! Шығармашылық табыстар тілейміз!