қыр 15, 2022

"ҰБТ кілті" драмасы көрерменге ұсынылды.

Қыркүйек айының 13-14 күндері Л.Разумовскаяның "Дорогая Елена Сергеевна" пьесасының желісі бойынша "ҰБТ кілті" драмасы театр лабораториясында сахналанды. Қойылымды М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп лицейі мен Е.Әуелбеков атындағы №4  облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаттың 11 сынып оқушылары тамсана тамашалап, ерекше әсер алып қайтты. Сезімді селт еткізер спектаклді тамашалаған көрермен артистердің талантына тәнті болып тарқасты.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер