
ӨНЕРДІҢ СЫР ГҮЛІ 70 ЖАСТА💐
ӨНЕРДІҢ СЫР ГҮЛІ 70 ЖАСТА💐
⚜️Артықбаева Алмагүл Шымбергенқызы – ҚР мәдениет қайреткері, Тұран сыйлығының иегері 1954 жылы 15 маусымда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.
1976 жылы Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрына қызметке орналасып, актриса көптеген бейнелерді шынайы жасаумен көрермендер ықыласына бөленді.
⚜️Алмагул Артықбаева 50 жылдан бері театр сахнасында еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде алдыңғы буын артистердің тәжірбелерінен тағылым алумен бірге өзі де бірнеше сахналық бейнелер мен әр кездегі көрнекті рөлдерді сомдап, басты рөлдерді ойнап халықтың көңілінен шықты.
⚜️Атап айтканда, И.Оразбаевтың “Күшігінен таланған”- Дариға, Б.Брехтің “Кавказдың бор шеңбері”- Жыршы, А.П. Чеховтің “Шие бауы” – Раневская , М.Ғаппаровтің “Тұзды шөл” – Айғаныш, В.Шекспирдің “Дуалы түнгі думан” – Титани, А.Елгезек “Болмаған балалық шақ” – Әже, Қ.Мұхамеджановтың “Құдағи келіпті” – Қымбат, Ф. Буляков “Отыз ұлың болғанша ” – Сәлима сомдаған рольдерін көрермен қауымы жылы қабылдады.
Өнер адамдары үшін ең бірінші марапат халық қөшеметіне бөлену болса, бұл тұрғыдан біраз жетістікке қол жеткізген актриса.
⚜️Өз өмірін өнермен өрнектен актриса бүгін мерейлі 70 жасын Сыр сахнасында атап өтті. Арнайы концерттік шара ұйымдастырылып, театрдың жас артистері әннен шашу шашса, Алмагүл Шымбергенқызы өзі сомдаған спектакльдерден үзінділерін көрсетіп, көрерменнің зор қошеметіне бөленді.
Мерейтой иесін құттықтауға арнайы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Қуантқанұлы келіп облыс әкімінің құттықтауын, гүл шоғын табыстап, құрмет көрсетті.
Театр басшысы Мұхтар Мәуленұлы мен режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір және студенттік шақтағы достары
мерейтой иесін құттықтап, естеліктерімен бөлісіп, сый-сияпаттарын ұсынды. Мерейлі жасыңыз құтты болсын өнердің сыр гүлі!





