жел 21, 2022

ПРЕМЬЕРА! "Отыз ұлың болғанша..." мұңды комедия

🎭ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ 

Бүгін Ф.Буляковтың "Отыз ұлың болғанша..." мұңды комедиясының премьерасы көрерменге ұсынылды. Өмір өткелдерінде жақсы мен жаманды қатар көріп, қартайған шағында жалғыздықтан жапа шеккен төрт кейуана. Олар мейірімге, шынайы махаббатқа зәру. Жалғыздыққа жаны қарсы. Жақын адамның жанашырлығын, жылы шырайды аңсайды. Спектакль аяқталған соң театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Жүсіпұлы басты рольде ойнаған театр  артисі Серік Төлеповтің иығына шапан жауып, спектакль режиссері Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы "Драма театр режиссер" мамандығының 
5 курс  студенттері Данияр Жақсылықов пен  Үсен Рамазанға өз қаламынан туған 6 томдық  кітаптарын сыйға тартты. Өнер майталманы үлкен сахнаға бет алған жас режиссерға батасын беріп,  шығармашылықтың биік шыңына шығуына тілектестік білдірді. Жақын арада Үсен Рамазанның режиссерлық жұмысы  көрерменге ұсынылатын болады.

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер