
Театр 69-ші маусымын «Көрұғлы» драмасымен ашты.
Маусымның алғашқы қойылымы О.Нұрмахановтың «Көрұғлы» драмасы көпшілік қауымға ұсынылды. Қойылым оқиғасында тарихи, аңыз-әпсаналық мәліметтер негізінде Көрғұлының халықтық тұлғасы сомдалады. Спектакльде түркі тайпаларының этникалық санасы айқын аңғарылады. Басты мақсат – Түркі халықтарының
бірлігін нығайтып, қатынасын жаңғырту, басын біріктіру.
Маусымның ашылуында театр басшысы Ниязов Мұхтар Мәуленұлы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Хұсейн Әмір-Темір Жүсіпұлы сөз сөйлеп, көрермендермен қауышқандарына қуанышты екендерін жеткізіп, алдағы уақытта болатын спектакльдердің құрметті қонағы болыңыздар деген тілектерін білдірді.
Спектакльді көрермендер зор ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті!
Жаңа маусымда жағымды жаңалықтар мен көрермен көзайымына айналар қойылымдарымыз көп болсын!