қыр 18, 2023

Театрымыздың талантты актеры Қанат Архабаев режиссура, актерлық шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы сабақтарында шеберлігін шыңдап, біліктілігін артырып келді.

69-шы театр маусымының сәтті ашылуына орай бүгін барша артистермен жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Хұсейн Әмір-Темір, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Абжанова Камила, Залипа Төлепова және көркемдік жетекшінің міндетін атқарушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытбек Темірбеков ө з ойларымен бөлісіп, жаңа маусымның сәтті ашылуымен барша ұжымды құттықтап, алдағы маусымға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Мәскеу қаласынан «ГИТИС» Ресей театр өнері институтының арнайы білікті мамандары, Көкшетау қаласы «Зеренді» демалыс орнына келіп, жан жақтан келген өнер иелеріне дәріс берді. Соның ішінде театрымыздың талантты актеры Қанат Архабаев режиссура, актерлық шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы сабақтарында шеберлігін шыңдап, біліктілігін артырып келді. «Ресей театры институтында халықаралық курсты сәтті аяқтағаны» туралы арнайы дипломмен марапатталды. Әріптесімізге толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер