жел 22, 2022

"Тектілік пен тереңдіктің қайнары"

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театр сахнасында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Сөздің кені, ойдың кемелі" атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Жыр додасында  ақтаңгер ақын, үш дүркін "Алтын домбыра" иегері, театр басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Мәуленұлының 
II томдық "Тектілік пен тереңдіктің қайнары" атты кітабының тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты. Рухани құндылықтар мен орамды ой, толымды тіркес пен тартымды сөзге толы кітаптың оқырманына берер білімі мен тигізер тәлімі көп.

#МұхтарӘуезов125жыл
#НартайБекежановтеатры
@mukhtar_niyaz

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер