жел 27, 2022

Жаңа жылдық марапаттар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎉 

✅Бүгін театр басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Мәуленұлы келе жатқан 2023 жаңа жыл мерекесімен құттықтап,  өнер ұжымының өрелі істері мен жарқын жетістіктеріне тоқталды. Айта кету керек, 
1 жыл ішінде  Сыр сахнагерлері 11 премьера ұсынып, көрермендердің риясыз ризашылығына бөленді. 

✅Сондай-ақ таланты мен талабын қатар ұштастырып, кәсіби шеберліктің қазанында шыңдалған әріптестеріміз аймақ абыройын асырып, мәуелі мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосуда. Мәселен, "Сыншылар жүлдесі"-2022" жылдық қорытындысы бойынша театрымыздың актері С.Жүзбай Эпизодтық рольдегі "ЖЫЛ АКТЕРІ" номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар  жиын барысында жылдың үздік қызметкерлері  театрдың дамуына қосқан еңбектері үшін  марапат тұғырынан көрінді. 

✅Атап айтқанда, Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен суретші-бутафор Т.Сыздықов, дыбыс жазу жөніндегі инженер Н.Төреәли және Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының алғыс хатымен артист Ж.Еркінова, дәнекерлеуші Ж.Әбдіқали, костюмер Л.Үркінбаева, тігінші Р.Мақұлбаева және Г.Құламбаева, театр басшысының алғыс хатымен А.Алиев марапатталды. Әріптестерімізге шығармашылық табыс, өнерде өрлеу, аласармас абырой тілейміз!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)

Онлайн билеттер