Ешкімге керегі жоқ ауыл

Автор: Х.Жүсіпұлы

Суретшісі: М.Шауленов

Режиссері: Х.Әмір-Темір

Жанр:

Жас санаты: 3

Ұзақтығы: 60

Премьера: 2020 жыл

Таңертеңгілік уақыт... Күйзелген ауыл... Тым-тырыс... Ешкім жоқ...
Анда-санда қаладан келген балаларының әңгімесін талқылап, күбірлескен төрт әйел. Олар Патшайым, Тынымкүл, Гүлбану және Балымкүл.
Бұл жолғы әңгіменің төркіні ешкімге керегі жоқ ауыл жайлы...

Бірақ сол ешкімге керегі жоқ ауылды бір бай бизнесмен сатып алып, керегіне жаратпақшы екен...  Қиратады... Үй біткенді тегістейді...

Ес білгелі осы  ауылдың тұрғынына айналған, жандары жомарт, ақжарқын  жандар бұл әңгімені естігенде төбелерінен жәй түскендей абдырап қалады...  Ары қарай не істемек? Туған топыраққа қалайша қиянат жасамақ? Ауыл қирай ма?  Шынымен ешкімге керегі жоқ па?
Ендеше әлгі бизнесменнің келгенін күтейік!

Көмек керек? Бізбен байланысыңыз

+7 (7242) 27-67-34, 27-48-86

Онлайн билеттер