Автор: А.Володин
Суретшісі: Н.Қалымбетов
Режиссері: Д.Базаркулов
Жанр: психологиялық драма
Жас санаты: 3
Ұзақтығы: 1 сағат 30минут
Премьера: 2021 жыл
Неліктен ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасылық бақыт, өзара түсіністік пен махаббат уақыт өте келе суый бастайды?Адамның бәрі бір-біріне ұқсас болса, өмірге тек біржақты көзқараспен қарайтын болса – тіршіліктің не қызығы бар? Онда бәріміз жалғаннан баз кешіп кетер едік. Өмірдің мәні күнгей мен көлеңкесінде, ақ пен қарасын да, шаттығы мен мұңында емес пе?
Қалайша осы жолды бірге кешіп, ыстығы мен суығына бірге көне жүріп өмір сүруге болмай ма? Түбінде қоштасатын болсақ, біз неге кездесеміз?
Көмек керек? Бізбен байланысыңыз
+7 7242 27-67-34, +7 7242 27-28-93 (Касса)